2010 жылдан бері халықаралық іздеуде болған Болат Алтынбеков ұсталды. Хабарламада айтылғандай, оны ұстау бойынша жедел шаралар Ресейде жүргізілді. Ер адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін іздестірілді.
Операцияға Ресейдің құқық қорғау органдары ғана емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ҚР ІІМ Интерпол да қатысты.
Алтынбековті Мәскеуден ұстады, ол қамауға алынды.
«Тергеу органдарынан жалтару үшін ол өзінің тегін Алшер қылып өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды», — деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.
Ашық ақпарат көздердерінен алынған мәліметтерге сәйкес, Қарағанды облысының тумасы Болат Алтынбеков — «Золотая», «Сезам», «Фортуна», «Каминный», «Эдем-Палас», «Олимп-Палас» ТК салған елордалық «Астана Трейд Интернешнл» компаниясын басқарған