Ер адам танысу үшін қызға шабуыл жасаған

Алматыда ер адам 28 жастағы әйелге шабуыл жасап, соққыға жыққан. Ол танысу үшін осындай әрекетке барғанын түсіндірді. Тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады.

1986 жылы туған Алматы облысының тұрғыны Алматы қаласы Медеу ауданындағы бағбандық серіктестіктің аумағында әйелді себепсізден-себепсіз ұрып жыққан.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша тергеледі.

Еркек мұндай әрекетке не үшін барғанын түсіндіре алмады.

Добавить комментарий