Студентті ұрып өлтірген күдіктілер ұсталды

Шымкентте полицейлер қаладағы колледждердің бірінің жатақханасында соққыға жығылған студенттің өліміне қатысы бар күдікті екі адамды ұстады

Шымкентте бірінші курс студентінің өліміне қатысты қозғалған іс бойынша екі күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарланды ашық ақпарат көздерінде.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

22 қыркүйекке қараған түні Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студенті қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді

Марқұмның анасы қайғылы оқиғаға колледждегі әлімдеттік себеп болғанына сенімді. Оның айтуынша, ұлы алғашқы күннен бастап оған ақша жіберуді сұрай бастаған. Оны қорқытып, қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалады дейді анасы.

Добавить комментарий