Ресей және эмигранттар: Неліктен Ресей эмигранттарға деген көзқарасын өзгерді

«Ресей Украина аумағына баса көктеп кіргеннен кейін ресейліктер басқа елдерге көше бастады — біреулер соғысқа қарсы, ал басқалары соғысқа барудан қорқады. Соңғы бір жарым жылдың ішінде елден нақты қанша ресейліктің кеткені әлі күнге дейін белгісіз. Әлеуметтанушылар, демографтар мен журналистер жүргізген түрлі деректерге сәйкес Ресейден кеткендердің саны бір миллионнан асады», — деп хабарлайды батыстық саясаттанушылар.

Сондықтан Ресей Федерациясынан елден кетуге бел буған ресейліктерге қатысты риторикасы бастапқыда қатаң болды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин шетелге кетіп, соғысты сынға алып жатқан азаматтардың мүлкін тәркілеуді ұсынды. РФ Мемлекеттік думасының «Единая Россия» партиясынан сайланған депутаты Андрей Колесник олардың әрекетін сатқындық деп атап, тіпті осы бап бойынша өлім жазасын енгізу қажеттігін мәлімдеді.

Фото: Саясаттанушылар ресейлік БАҚ-та эмигранттарға қатысты риториканың өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Ресейде елден кеткен азаматтарға қатысты қандай шара қолдануға қатысты бір шешімге келе алмады. Бір жаағынан эмигранттар опасыз, халық жауы делінді, екінші жағынан соғыстан қорқып, қате шешім қабылдаған адамдар деп айтылды. Соңғы кездері Ресей үкіметі ел асып кеткен ресейліктермен байланыс орнатуға тырысып жатқаны байқалды. Мәселен, биліктің эмигранттарға деген риторикасының өзгеруі аясында өткен айда ресейлік ең көп таралған газеттердің бірінде «Елден кеткен айтишниктің әңгімесі» атты мақала жарияланды. Аталған мақалада Ресейден кеткен АТ-саласының қызметкері Ресейден Еуропаға кеткені айтылады. Оның айтуынша, Батыстағы өмір РФ-дан әлдеқайда нашар, ол Еуропада русофобияға тап болған.

Ұзақ жылдар бойы түрлі интернет алаңдарда оған отаны нашар деген ойды қалыптастырғаны айтылған. Мақаланың соңында оқырмандар айтишниктің Ресейге қайтып оралғанын оқиды, ол ауыр қателік жасағанын және енді отанына сатқындық жасамайтынын түсінген-мыс. «Бұл кейіпкер елден кеткен ресейліктерден құралған адам екені анық.

Фото: Саясаттанушылар ресейлік БАҚ-та эмигранттарға қатысты риториканың өзгеруіне қатысты пікір білдірді

Бұл мақалада ресейлік пропаганданың барлық дерлік тезистері бар: Ресей керемет ел, ал Еуропада өмір сүру қиын және русофобия күшейіп барады», — деп түсіндіреді батыстық саясаттанушылар. Украиналық саясаттанушылар ресейлік БАҚ беттерінде елден кеткендерге қатысты риторика ел үкіметінің мүддесін алға тартып отыр деп санайды.

Олар эмиграции тақырыбы ресейлік БАҚ-та екі себепке байланысты жиі талқылана бастады деп есептейді: «Біріншісі — РФ билігі қысқа уақыт ішінде елден осыншама азаматтардың кетеді деп күтпеген секілді. Екіншіден — мемлекет білікті кадрлардың тапшылығына тап болды». Батыстық сарапшылар мамандардың шетел асып кетуі РФ-дағы экономикалық дағдарысты одан әрі ушықтырады деп есептейді.

 

Добавить комментарий