ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлеменің сақталғанын хабарлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37846-1662392585-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бұрынғы деңгейде сақталғанын, 14,5%-ды құрайды деп хабарлады.

Елдің қаржы реттеушісінің пікірінше, қазіргі кезеңде ақша-кредит талаптарын қосымша қатайту талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 14,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15,5%-ды, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 13,5%-ды құрайды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі ҚРҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешім қалыптасқан экономикалық жағдайды, тәуекелдер теңгерімін, сондай-ақ Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдарын ескере отырып қабылданды. Логистикалық қызметтер құнының өсуінен, сауда әріптесі болып табылатын елдердегі жоғары инфляциядан және теңге бағамының рубльге қатысты әлсіреуінен туындаған сыртқы сектор тарапынан қысым сақталуда. Дегенмен әлемдегі азық-түлік бағасы төмендеп келеді. Бағаның өсуіне түрткі болған ішкі қозғаушы күштер арасында әлемдік нарықтардан кейін азық-түлік бағасының төмендеуін тежейтін және орта мерзімді перспективада сұраныс тарапынан жоғары қысым көрсететін ынталандырушы фискалдық серпінді атап өтуге болады.

«Жоғары инфляция ішкі бағалардың сыртқы баға өзгерістеріне бейімделуіне негізделген, бұл қазіргі кезеңде ақша-кредит талаптарын қосымша қатайтуды талап етпейді. Бұдан басқа, 2022 жылдың басынан бастап базалық мөлшерлеменің айтарлықтай артуының экономикаға әсері әлі де болса соңына дейін байқалмай отыр және шараларды түзету үшін кейіннен тиісті бағалау жүргізу қажет. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі қаржы нарығының орнықтылығын қамтамасыз ету және экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігін қолдау үшін жеткілікті», — делінген хабарламада.

2022 жылғы тамызда бағаның жылдық өсуі 16,1%-ға дейін жеделдеді. Инфляцияның өсуі барлық құрамдас бөліктер бойынша байқалады: азық-түлік тауарлары 20,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 15,5%-ға, ақылы қызметтер 10,1%-ға өсті. Тауарлар мен қызметтер арасында бірқатар шаруашылық тауарларының, қанттың, ұнның, жарманың, макарон өнімдерінің, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу қызметінің құны өсті. Бағаның төмендеуі, негізінен, жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерінің кең ауқымы бойынша байқалады.

Инфляциялық күтулер жоғары деңгейде қалып отыр. 2022 жылғы тамызда күтілетін инфляцияның медианалық бағасы 16,5%-ды құрады. Бір жылдан кейін инфляция қарқынының сақталуын немесе жоғарылауын күтетін респонденттердің үлесі 55%-ға дейін өсті.

Жаһандық экономиканың бұдан былайғы даму тәуекелдері нашарлау жағына қарай ығыстырылған. ХВҚ болжамы бойынша, әлемдік экономика 2021 жылғы 6,1%-дан 2022 жылы 3,2%-ға дейін және 2023 жылы 2,9%-ға дейін баяулайды (ХВҚ-ның 2022-2023 жылдарға арналған алдыңғы болжамы – 3,6%). Қазақстанның негізгі сауда әріптесі саналатын елдер (ЕО, Қытай, Ресей) бойынша 2022-2023 жылдарға арналған болжамдар да нашарлады.

 

 

Добавить комментарий