Владимир Путин Врбетицадағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстар туралы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Сонымен қатар, Чехия президенті Милош Земан да өз пікірін білдірді. Осылайша, жанжал президенттік деңгейге шықты.
Ресей президенті Владимир Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен әңгімелесіп, РФ-ның Чехиямен арадағы қарым-қатынасын талқылай келе, Праганың Ресейге тағылған айыптары мен қабылдаған қадамдары ақылға сыйымсыз екенін атап өтті. Ал дәл осы тақырыпқ төңірегінде олардың чех әріптесі Милош Земан Кремльдің толық қолдауын сезініп, мәлімдеме жасады. Чехия басшысы тергеу жұмыстарының ресми нәтижелерін күтіп, содан кейін қорытынды шығару керек деп мәлімдеді.Земан қарсы барлау қызметінің баяндамасында ресейлік агенттердің оқ-дәрілер қоймасында қатыстылығын дәлел болмағанын айтты.
Бір қызығы, екі президент бірдей вектордағы жағдайда түсініктеме берді. Яғни, Путин ресейлік арнайы агенттердің Врбетицадағы жарылыстарға қатыстылығын жоққа шығарса, ал чех әріптесі олардың қатыстылығын жоққа шығармағанымен, тергеу жұмыстары әлі аяқталмағанын, сондықтан ол тергеудің ресми нәтижесінен кейін ғана қорытынды жасау керекдеп мәлімдеді.
Чех президентінің мұндай ұстанымы айдан анық болды, себебі ол Кремльді жақтаушы. Земан Қырымды аннексиялауын мойындауға шақырған және Алексей Навальный туралы теріс пікір білдірген жалғыз еуропалық президент. Дегенмен, елдегі билік Үкіметтің қолында, сондықтан оның әрекеті Чехия парламентінің сынына ұшырауда, және Чехия тарихында алғаш рет президентке импичмент жариялау тақырыбы көтерілуі мүмкін.