1 мамырда Илон Маск қазақстандық студенттердің алдында сөз сөйлейді

Tesla және SpaceX компанияларының басшысы америкалық миллиардер Илон Маск мамыр айында Қазақстан студенттердің алдында сөз сөйлейді. Онымен кездесу ұйымдастыру үшін келіссөздер жеті ай жүргізілді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

«Мен Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжінің құрылтайшысымын. Қашықтықтан оқыту режимі басталған кезде студенттер оқуға деген қызығушылығы жоғалмауы үшін біз шетелдік мұғалімдерді тарта бастадық. Олар апта сайын дәрістер оқыды.

Былтыр қыркүйек айында біз Илон Маскті шақыруды жоспарладық. Мен бәрі оңай әрі тез өтеді деп ойладым, біз онымен байланыса бастадық, бірақ, өкінішке қарай, келіссөздер жеті айға созылды, кеше ғана студенттермен 15-20 минутқа кездесуге дайын деген жауап алдық. Оның кестесі бір жылға жоспарланған», — деді Талғат Төремұратов.

Ұйымдастырушы қазақстандық студенттер үшін бұл жақсы мотивация екенін атап өтті. Енді онымен кездескісі келетін студенттер санын көбейтуді жоспарлап отыр. Еуропалық жоғары экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері ғана емес, басқа студенттер де қатыса алады.

«Кездесу 1 мамырда өтеді. Біз студенттердің техника, бизнес жайлы сұрақтар қойғанын қалаймыз», — деп толықтырды Талғат Төремұратов.

Добавить комментарий