Алматылықтар тағы екі күн ақылы тұрақтарға ақша төлемесе болады

Алматыда көлікті ақылы тұрақтарға осы жылдың 19 қаңтарына дейін тегін қойса болады.

Тәртіпсіздіктер кезінде 24 паркомат бүоінген. Олар қаңтар айының соңына дейін қалпына келтіріледі.

ТЖ режимі аяқталғанға дейін алматылықтар көлігін ақылы тұрақта қалдырып, ол үшін ақша төлемесе болады, деп хабарлайды қалалық мобильдік басқармасы.

Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қалалық ұтқырлық басқармасының басшысы Ғани Мурзаханов сөз сөйледі. Ол тәртіпсіздік кезінде 24 паркомат бүлінгенін, сондай-ақ ақылы тұрақ қызметі ТЖ режимі жойылғанға дейін уақытша тоқтатылғанын айтты.

«Аталған паркоматтар жөндеуге алынды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын паркоматтарға арналған жинақтауыштардың жеткізілуіне қарай қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда», — деді Ғани Мырзаханов.

Informburo.kz редакциясы алматылықтардың тұрақ үшін 19 қаңтарға дейін ақысын төлемесе болама деп сұрады. Қалалық мобильдік басқармасы ТЖ режимі аяқталғанға дейін тұрақ үшін ақша төлемесе болатынын растады.

Добавить комментарий