Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресей Федерациясынк көмегі туралы мәлімдемеге жауап берді.
Еске сала кетейік! Бұған дейін Украина барлау қызметінің өкілі Вадим Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген.
«Қазақстан мен Өзбекстан сияқты елдер Ресейге зымыран жасау үшін қажетті америкалық және жапондық азаматтық компоненттерді сату арқылы санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр», — деп келтіреді БАҚ Скибицкийдің сөзін.
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Ресейге зымыран жасау үшін қажетті америкалық және жапондық компоненттерді сату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі 2023 жылдың 23 тамызына дейін әскери/қос мақсаттағы өнімдерді экспорттауға/реэкспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдағанын атап өту қажет», — делінген хабарламада.