Сенаторлар табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарады

Жалпы отырыста сенаторлар табиғи қорықтар туралы заң жобасын қарады. Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат Бюросының отырысында Сенат Спикері Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен басым бағыттарға тоқталды.

Сенат Төрағасы Жолдауда мемлекеттік басқару жүйесінде реформа жүргізу, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, кадр саясатын күшейту, шешім қабылдау процестерін жаңғырту және халықпен кері байланыс қажеттілігіне ерекше назар аударылғанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы экономиканы қалпына келтірудің жеті басымдығын айқындап, өңірлерді дамыту және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, сондай-ақ құқық қорғау жүйесі мен соттарды реформалауды жалғастыруға тоқталғанын атап өтті. Сенат Төрағасының айтуынша, Жолдауда денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамытуға баса назар аударылған.

«Жолдауда көрсетілген барлық басымдықтар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Өз кезегінде біз Мемлекет басшысының барлық реформаларын сапалы заңдармен уақытылы қамтамасыз етуге тиіспіз. Осыған байланысты сенаторлар өздерінің заңнамалық бастама құқығын толық пайдалануы тиіс», — деп мәлімдеді Мәулен Әшімбаев.

Білім беру, медицина, сот және құқық қорғау жүйелерінде де сапалы өзгерістер болуы тиіс. Бұдан басқа, Президент Есеп комитетін қаржыландырудың өзге тәртібін айқындап, оны Парламенттің бейінді комитеттері арқылы жүзеге асыруды тапсырды. Бұл кешенді жоспар заңнамалық сүйемелдеуді талап етеді, сондықтан депутаттық корпус көлемді жұмыс атқаруы тиіс, деп атап өтті Сенат Спикері Бюро отырысында.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары депутаттардың өңірлерге шығу қорытындылары туралы хабардар етті. Сенаторлар өткен кезеңде сырқаттанушылық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайына мониторинг жүргізіп, пандемияға қарсы күреске көмектесті, сондай-ақ Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі тапсырмаларының қалай орындалғанын қадағалады. Сенаторлар еліміздің барлық облыстарындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев жаңа сессия ашылар алдында Мемлекет басшысымен кездесгенін еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір заң жобасын сапалы пысықтау және заң шығару қызметінде жалпыұлттық мүдделерді қорғау болып табылатын Сенаттың рөлін атап өтті. Бюро отырысында Сенат Комитеттері арасында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары бөлінді.

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты Қырғыз Республикасының қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитетіне берді. 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттардың және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерінің күші жойылды деп танылсын».

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заң жобасымен айналысады. Бас Комитеттерге Сенаттың басқа Комитеттерінің ұсыныстарын қорыту және осы құжаттар бойынша қорытындылар дайындау тапсырылды. Бюро отырысында сондай-ақ 10 қыркүйекте өтетін Сенаттың алдағы жалпы отырысының күн тәртібі анықталды.

Жаңа сессияда қаралатын алғашқы құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы болмақ. Бұған дейін заң жобасын Мәжіліс мақұлдап, Сенатқа келіп түскен болатын. Бұдан басқа, тұрақты Комитеттер Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша Сенаттың 2020 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар берді.

 

Добавить комментарий