QazUrban Forum 2020 мен IT-кеңес Нұр-Сұлтанда өтті. «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» шеберлік жоспарының тұжырымдамасы бірінші кезекте қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған, ал ІТ-кеңесте әзірлеушілер бірқатар жобаларды таныстырды. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Жылдам өсіп келе жатқан мегаполистерді дамытудағы серпінді идеялар, көлікті жаңғырту перспективалары, әлеуметтік жобалау, жолдардағы қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» QazUrban Forum 2020 барысында талқыланды».
Қатысушылардың басым бөлігі онлайн қосылды. Форумға Мәскеу, Қазан, Лондон, біздің елорданың урбанистері қатысты. Қалалардың жайлы, тұрақты, таза болуы өте маңызды.
«Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер — жоспарының тұжырымдамасы бірінші кезекте тұрғындардың өмір сүруі мен қала қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тұрғындарға қандай да бір қызмет алу үшін қаланың басқа шетіне барудың қажеті туындамас үшін полицентрлікке бағдар жасаймыз. Ол үшін әр ауданда әлеуметтік нысандар саламыз, қоғамдық кеңістіктерді абаттандырамыз, олар, сөзсіз, тартылыс нүктесіне айналады. Осындай мысал ретінде біздің алғашқы көпір астындағы арт-кеңістіктеріміз болып табылады. Қаланы қауіпсіз әрі ақылды ету үшін цифрландыруды дамытуға көп көңіл бөлу қажет.
Сондай-ақ, бүгін жақында құрылған IT-кеңеске қатыстым. IT-технологияларды енгізу қандай да бір қызметтерді онлайн-режимде алуға мүмкіндік береді, «ақылды шлагбаумдар» шұғыл қызмет машиналарының үйлер аумағына кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді, камералар құқық бұзушылықтар санын қысқартады.
Әлемдік пандемия бізге цифрландыруды дамытудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті, автобустарымызды электронды төлем жүйелерімен 100% жабдықтау коронавирустың таралуын азайтуға мүмкіндік берді, өйткені жүргізуші мен жолаушылар арасында жеке байланыс жоқ. Бүгін IT-кеңесте бірқатар жобалар таныстырылды. Мысалы, ТКШ жаңғырту жобасы және тұрғындарға жиналған қаражаттың не үшін жұмсалып жатқанын онлайн режимде көру мүмкіндігін ұсыну. Сондай-ақ, виртуалды мұғалімнің көмегімен бағдарламалау тілін үйренуге болатын жобамен таныстым. Жоба иегерлерінің айтуынша, оны оқыту барысында да қолдануға болады», — деп жазды Алтай Көлгінов.