Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасымен әңгімелесу барысында Президенттің Жолдауын, сондай-ақ басқа да бастамаларды орындауды қамтамасыз етудің заңнамалық мүмкіндігін құрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысын Мәжіліс депутаттарының бесінші сессия барысында атқарған жұмыстарының нәтижелері, мәжілісмендердің өңірлерге сапарлары, сондай-ақ алдағы парламенттік сессиядағы негізгі қызмет бағыттары туралы хабардар етті.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, депутаттар дәріханаларға, ауруханаларға барып, дәрі-дәрмек пен олардың бағасын бақылаған. Парламентшілер де еріктілер орталықтарының жұмысына белсене атсалысуда.
Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, олардың ішінде 22-сін депутаттардың өздері бастамашылық еткен. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, олардың арасында 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық өсімді одан әрі қалпына келтіруге бағытталған заң жобалары бар.
Мемлекет басшысы депутаттық корпус жұмысының басымдығы Президент Жолдауын және басқа да бастамаларды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды одан әрі заңнамалық қамтамасыз ету болуға тиіс екенін атап өтті.