Алматы: Әлеуметтік ет дүкендері ашылды

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды. Қазірдің өзінде Розыбакиев көшесі бойында көтерме сауда және «Орбита» базарында осындай дүкендер іске қосылды.

«Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында ұқсас дүкендер ашу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Дүкендерде ет 2050 тг/кг-нан сатыла бастады. Бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен, қазір бағасы 2396 тг/кг.

Басқармада атап өткендей, Қазіргі уақытта әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауына, оның ішінде сиыр етіне (жауырын-төс бөлігі) бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда. ​Берілген айналым қарыздары шеңберінде Магнум сауда желісінің сөрелерінде, сондай-ақ «Asyl Meat» ЖШС өндірушісінің 6 фирмалық дүкендерінде 2050 тг/кг баға бойынша сиыр етінің бағалары белгіленеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда осы маусымда құрғақшылық салдарынан болған жем-шөптің бағасы өскеніне байланысты малдарды жаппай соя бастады. Бұл әзірге ет бағасының өсуін тежеп тұр, бірақ кейіннен күрт көтерілуі мүмкін.

Добавить комментарий