Пентагон Азовстальда тұтқынға берілген әскерлерге нормаға сәйкес қарайтынына үміт білдірді

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби АҚШ-тың «Азовсталидан» тұтқынға берілген әскерилерге Женева конвенциясына сәйкес қарайтынына үміт білдіріп, оны «мұқият қадағалайтынын» мәлімдеді.

Бұл туралы ол бейсенбі күні тұрақты брифингте айтты.

«Азовстальдегі әскерилерге қатысты айтар болсақ. Біз барлық әскери тұтқындарға Женева конвенциясына сәйкес қарайды деп үміттенеміз», — деді ол тиісті сұраққа жауап бере отырып. Кирби АҚШ тұтқындарға осы нормаларға сәйкес қаралуын «мұқият қадағалайтынын» айтты.

«Басқа алып-қосарым жоқ», — деп түйіндеді Пентагон өкілі.

Добавить комментарий