Тағы бір шенеунік жүйелі түрде пара алғаны үшін ұсталды

Антикор Ұлттық сараптама орталығының экономисі ұсталғанын хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, ол бизнес нысандарынанжүйелі түрде заңсыз сыйақы алып отырған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула хабарлағандай: «Пандемия кезінде «ҚР ДСМ Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК экономисі ШОБ жұмысына кедергі келтіргені әшкереленді, ол COVID-19 байланысты енгізілген карантиндік шаралар кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерімен бірге жүйелі түрде елордада мейрамхана бизнесімен айналысатындардан 30-500 мың теңге пара алып келген. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде мониторинг топтарының жұмысы талданып, олардың қызметіне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлады Шыңғыс Қабдула.

Оның айтуынша, жыл басынан бері департамент 95 қылмысты тіркеді, оның ішінде 61-і сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар. Олардың үшеуі аса ауыр және 48 ауыр санатқа жатады. Олардың негізгі үлесі парақорлық фактілері бойынша тіркелген: 53 оқиға және 17-сі жымқыру.

Ол салалар бойынша анықталған қылмыстардың басым бөлігі саны құқық қорғау блогына — 28, денсаулық сақтау саласына — 10, құрылыс саласына — алты, энергетика саласына — сегіз, білім беру саласына — үш, салық саласына — екі және мәдениет саласына — бір тиесілі екенін айтты.

Жалпы, департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері барлығы 47 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 республикалық және 2 қалалық деңгейдегі басшы, 30 адам түрлі жазаларға тартылды. Оның ішінде 20 адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталды.

«Қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар барысында мемлекет бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Мәселен, пандемия кезінде балаларды қашықтықтан оқытуға арналған планшеттерді жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында 1 млрд теңге көлемінде қаражат жымқыру фактілері анықталды. Жедел әрекет етудің арқасында компьютерлік техника сәйкестендірілді, залал толық көлемде өтелді», — деп атап өтті Қабдула.

Добавить комментарий