Қызылорда полиция басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат расталмады

Қызылордада тәртіп сақшылары полиция бастығының ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Облыстық ПД-да оған қатысты процессуалды шаралар жүргізілмегенін мәлімдеді.

Ведомство хабарлағандай, ол кезекті еңбек демалысында.

«Қызылорда қалалық ІІБ бастығы Н. Ағаділовке қатысты жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, ол кезекті еңбек демалысында, күнге дейін оған қатысты процессуалдық шара қолданылған жоқ», — делінген хабарламада.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда полициясы басқармасының басшысы ұсталғаны туралы ақпарат таралған болатын. Ашық ақпарат көздерінде жарияланған деректер бойынша, ол есірткі заттарын сату мақсатында сақтады деген күдікпен ұсталған.

Добавить комментарий