Павлодар облысында өрт шалған 330 гектар болатын алқапта ағаш көшеттері жанып кетті.
«2022 жылғы 5 сәуірде «Ертіс орманы» МОТР РММ Бесқарағай филиалы Көкжал орманшылығы аумағында орман алқабы өртенді. Өрт №204 және 224 кварталдарды қамтыды. Тілсіз жаудың анықталған уақыты — 12:35, сағат — 17:33-те қызыл жалын ауыздықталды», — деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД.
Өрттің шығу себебі — қасақана өртеу. болуы мүмкін Қызыл жалын мемлекеттік орман қоры аумағына шарпыған.
Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болған.
Оттың шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады. Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеді.