Қаңтар оқиғасына қатысқан 4 адам алты жылға бас бостандығынан айырылды

Алты жылға бас бостандығынан айырылды — қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған төрт адамға қатысты үкім шығарылды.

Сот қылмысты ТЖ режимі кезінде жасағандықтан жаза ауыр деп саралаған.

Алматы соты қаңтардағы тәртіпсіздер кезінде қарақшылық жасаған төрт айыпталушыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі.

Төртеуі де тұрғын үйге, қызметтік, өндірістік үй-жайға немесе қоймаға заңсыз кіріп, қарақшылық жасағаны үшін бір қылмыстық іс бойынша сотталды. Олардың әрқайсысына алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (аталған бап мүлкі тәркіленіп, бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді).

Прокурор сотталушыларға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот қылмыстың ТЖ режимі кезінде жасалғанын жазаны ауырлататын жағдай және жас балаларының болуы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететінін жағдай деп есептеді.

ІІМ хабарлағандай, қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде өтен мүлікті ұрлағаны үшін ұсталғандардың көпшілігі алғаш рет заңды бұзған жастар екендігі анықталды. Мұндай адамдарға тергеушілер олардың жеке басын және оң сипаттамаларын ескере отырып, бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданады.

23 мамырда Алматы қалалық соты 287 адамға қатысты 186 істі қарады. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды тонау, ұрлау немесе қорқытып алу, заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша айыпталған 24 сотталушыны бас бостандығынан айырды. Қалғандарына бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Добавить комментарий