Қарағандыда азық-түлік салынған арба ұрланды

Қарағанды қаласындағы базарлардың бірінде белгісіз біреу ірі сомадағы азық-түлік салынған арбаны ұрлап кеткен. Октябрь ауданының полиция қызметкерлері аталған қылмысты ізін суытпай ашты.

АІІО-ға 2021 жылғы 11 сәуірде 54 жастағы қала тұрғынынан ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Келтірілген залал сомасы 113 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 31 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, базардан шыға берісте ол азық-түлік салынған арбаны көріп, оны өз үйіне алып кеткен.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Добавить комментарий