Қостанай: Ер адам 30 жылда алғаш рет төлқұжат алды

Отыз жыл бойы Қостанай облысы тұрғындарының бірі жеке басын куәландыратын құжатты ала алмады.

Тобыл қаласының полицейлері Қостанай ауданының Садчиковка кентінің тұрғынына бір ай бойы көптен күткен құжатты алуға көмектесті. 58 жастағы ер адам көші-қон қызметіне осы жылдың тамыз айында жеке куәлік алуға жүгінген.

«Өмірлік қиын жағдайға байланысты ер адам құжаттандыру үшін уақытылы полицияға жүгіне алмады. Полицейлер азаматтығын растап, жеке куәлігін алуға көмектесті», — дейді көші-қон қызметінің аға инспекторы Батыр Зайтенов.

Сергей Проскуряков Қостанай ауданының Полиция бөлімінің бастығы М.Жайлаубековке көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.

 

Добавить комментарий