Қапшағай қаласына Қонаев аты берілді: қалаға кіре берісте жаңа қала атауы жазылған белгілер орнатылды

Кеше президент Қапшағай қаласын Қонаев деп деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды. Ал 4 мамыр күні таңертең қалаға кіре берісте жаңа қала атауы жазылған белгілер орнатылды.

16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы жақын арада Алматы облысының орталығына айналуы тиіс Қапшағайдың атауын өзгерту туралы бастаманы қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

24 наурызда қалалық мәслихат қала атауын өзгерту туралы шешім қабылдады — ономастикалық комиссия оны мақұлдады.

Добавить комментарий