Қосшы қаласында электрмен жабдықтау нысандарының құрылысына арналған қаражатты жымқырылды. Екі шенеунік пен кәсіпкер 190 миллион теңгеден астам сомада бюджет қаражатын иеденгені үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі жарияланды.
Соттың мәліметі бойынша, Целиноград ауданының құрылыс бөлімінің басшысы және «Еңбек Аршалы» РМК филиалының басшысы жергілікті кәсіпорын директорымен өзара сөз байласқан. Олар Қосшыда электрмен жабдықтау нысандарын салуға арналған бюджет қаражатын талан-таражға салып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға ақша аударған.
Құрылыс бөлімінің басшысы жеті жылға, ал «Еңбек Аршалы» басшысы сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Кәсіпкер қылмысты ашуға жәрдемдесіп, залалды ішінара өтегені үшін жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Сот жымқырылған бюджет қаражатын мемлекет кірісіне қайтару үшін сотталғандардан келтірілген материалдық залалды ортақ тәртіппен өндіріп алу туралы шешім қабылдады.
Айта кету керек, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ және шағым түсіруге болады.