Өскемен әкімдігі бұдан былай әлеуметтік желілерде пиар үшін ақша бөлінбейді

Өскемен қаласының әкімі муниципалитеттің бұдан былай әлеуметтік желілерде пиарға ақша төлемейтінін айтты.

Осындай іс-шараларды қаржыландырудан бас тарту туралы қала әкімі Жақсылық Омар қоғамдық кеңестің өкілдерімен кездесуі кезінде айтты. Енді атқарушы биліктің жұмысын ақылы негізде жария ету жүзеге асырылмайды.

«Қалалық әкімшіліктің жұмысы туралы әкімдіктің ресми аккаунты мен әкімнің жеке аккаунты арқылы жариялап отыратын боламыз, — деп түсіндірді қала басшысы. — Бұл басқа саланы қаржыландыруға мүмкіндік береді. Аздаған қаражатпен болсын. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды күшейту үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қосымша қаражат бөлінед».

Әкімдік мемлекеттік қаржыдан айырылған парақшалар билікті агрессивті түрде сынға алуы мүмкін деп толықтырды. Сондықтан қалалық әкімшілік өз парақшаларына белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алдағы жылы Өскеменде жаңа трамвайлар сатып алу, трамвай рельстерін алмастыру, жолдарды қайта жаңарту және қаланың орталық саябақтарының бірін жөндеу сияқты жобалар іске асырылады.

 

Добавить комментарий