РФ мен Әзірбайжан Президенттері Оңтүстік Кавказдағы жағдайды талқылады

Кремльдің баспасөз қызметі кеше, 20 шілдеде Мәскеуде Әзербайжан мен Ресей мемлекет басшылары кездескенін хабарлады. Қос ел Президенттері Оңтүстік Кавказдағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылады.

РФ Президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей мен Әзірбайжанның экономикалық қарым-қатынасы пандемияға байланысты туындаған дағдарыстан кейін белсенді түрде қалпына келіп жатыр.

«Экономиканы ескеретін болсақ, екі ел арасындағы қарым-қатынас коронавирустан кейін қалпына келіп жатыр. 2020 жылы белгілі бір құлдырау болды, қазір сенімді түрде өсіп, қалпына келтіп жатыр. Ресей экономика саласында көш басында тұрған елдердің қатарында тұр, үкіметаралық комиссия белсенді жұмыс істеуде», — деп Кремльдің баспасөз қызметі Ресей президентінің сөзін келтіреді .

2022 жылы Әзербайжанмен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады, Ресей көшбасшысы бұны үлкен мереке деп атады.

«Біз қазір ынтымақтастық орнатып, коронавирусқа қарсы күресте белсенділік танытып отырмыз. Меніңше, 100 мың (вакцина дозасы) жеткізілді», — деді Путин.

Оның пікірінше, ең маңызды мәселелердің бірі өңірдегі жағдайды реттеу болып табылады.

«Сіз бұл мәселеге көп көңіл бөлетініңізді білемін және ымыраға келетін шешім шығарып жатқаныңызға алғысымды білдіремін. Бұл әрқашан ең күрделі, бірақ егер біз қаласақ, — ал бұны бәріміз реттеуді қалаймыз, жағдайдың шешілуі, осы бағытта әрекет етуіміз керек. Біз бұған қол жеткіздік, сол үшін сізге алғыс айтқым келеді», — деді Ресей Президенті.

Әзірбайжан басшысы Оңтүстік Кавказдағы жағдайға да назар аударды.

Президент Ильхам Әлиевтің айтуынша, Баку ресми түрде Қарабақ өңіріндегі қақтығыстан кейінгі кезеңнің ауыртпалықсыз өтуіне мүдделі.

Добавить комментарий