Қорғаныс министрлігі медициналық қамтамасыз етуге қатысты бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі медициналық қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізілетін бұйрық жобасын әзірлегенін хабарлады.

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңы 44-бабының 6-тармағына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.

Өзгерістер мен толықтырулар медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуге, сондай-ақ әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілері үшін медициналық тексерулер жүргізуге бағытталып отыр.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 5 желтоқсанға дейін келесі сілтеме арқылы сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14304079

 

Добавить комментарий