Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan онлайн-дауыс беруіне қатысты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы праймеризінің онлайн-дауыс беруіне қатысты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризде онлайн-дауыс беруге қатысты. Дауыс беру алдында Елбасы ішкі партиялық іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихатын және жария пікірталастарын мұқият қадағалағанын атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті партия назарға алуы тиіс көптеген сындарлы ұсыныстар айтылғанын атап өтті», — деп жазды Айдос Үкібай.

Ол Нұрсұлтан Назарбаев барлық партия мүшелерін дауыс беруге белсене қатысуға шақырғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қазаннан (00.00) бастап 3 қазанға дейін (14.00) мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электрондық дауыс беру өткізіле бастады.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылды. Интернет жоқ елді мекендерде қағаз бюллетеньдер бойынша дауыс беруге болады.

Добавить комментарий