Yonhap ақпарат агенттігі Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының жағалауында 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кеткенін хабарлады.
Гонконгта тіркелген ағаш тасымалдайтын Jin Tian кемесі сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті.
Бортта ҚХР-ның 14 және Мьянманың сегіз азаматы болған.
Жағалау күзетінің мәліметінше, экипаждың екі мүшесі құтқарылып, қалғандары іздестіріліп жатыр.