Алматылық полицейлер өздерінің жұмысы кезінде қызметіне 10 мыңнан астам адамды тартқан, «B2B Jewelry» қаржы пирамидасының жұмысын ұйымдастыру фактісі бойынша істі тергеп жатыр.
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен зергерлік дүкендер желісінің атын жамылып «B2B Jewelry» қаржы (инвестициялық) пирамидасының қызметін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ұйымдастырушылар сатып алу сомасының 104% көлемінде “кэшбэк” түрінде ақшаны қайтару кепілдігімен халыққа зергерлік бұйымдарды сатқан.
Сондай-ақ, клиенттерге сатып алынған сертификаттың құнына және пирамидаға тартылған тұлғалардың санына байланысты жылына 520%-ға дейін кіріске кепілдік беретін «алтын» және «күміс» сыйлық сертификаттары сатылған.
ЭТД қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде қаржы пирамидасының салымшылары салған 560 млн. астам теңге, 303 мың АҚШ долларын және 3 500 евро тәркіленіп алынды. Қаржы пирамидасына салымшылардың жалпы саны Қазақстанның барлық өңірлерінен 10 000-ден астам адамды құрайды, — деп хабарлады ҚР ҚМ KFM баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде 217-б. 3-б. 2-т. (қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басшылық ету, адамдар тобы аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып, алдын ала сөз байласу) бабы бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Күдікті адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті осы жобаның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан Алматы қаласы бойынша (Алматы қаласы, Жібек жолы даңғыл., 127 ү.) немесе келесі нөмірлер бойынша хабарласыңыз: 87786376213, 87028886449, 87017446040, 87074064945.
Басқа қалалардың тұрғындары ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық Экономикалық тергеу департаменттеріне жүгіне алады.