БЖЗҚ 2021 жылдың желтоқсанында 60 жасқа толатын әйелдерге зейнетақы алу үшін туралы өтініш беріп үлгеру керек екенін хабарлады. Бұл 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығу жасы 60,5 жасқа дейін ұлғайтылуымен байланысты.
БЖЗҚ қазақстандықтарды зейнет жасына толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін ХҚКО-ға уақтылы жүгінуге шақырды.
Зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен бірге ХҚКО-ға құжаттарды зейнет жасына жетуге 10 күн қалғанда беруге болады.
«Ағымдағы жылы 60 жасқа толған, туған күні 31 желтоқсан (қоса алғанда) аралығындағы әйелдерді 2021 жылдың соңына дейін ХҚКО-ға жүгінулеріңізді сұраймыз, өйткені 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60,5 жасқа дейін ұлғаяды», — делінген хабарламада.
Мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар салымшыларға БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелеріне, немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда БЖЗҚ-ның интернет-сайтында өтініш қалдыруы керек.