Жұма, 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы аязды болады деп күтілуде. Астанада — боран соғады, Алматыда жауын-шашынсыз.

«ҚР аумағының басым бөлігі әлі де Арктикалық антициклон ықпалында болады, соған байланысты, жауын-шашынсыз, аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фрронталды бөліктердің өтуіне байланысты, республикамыздың шығысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Республикамыздың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі», — деп хабарлайды «Қазгидромет».

Астанада көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -15-17.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз -13-15.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -10-12.

Ақмола облысында күндіз -16-21 (солтүстікте -13), түнде -25-30 (солтүстікте -21) болады.

Түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -30-35 дейін қатты аяз сақталады. Күндіз -15-20, түнде -20-25.

Түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -30-35 дейін қатты аяз сақталады. Күндіз -14-19, түнде -23-28 болады.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында -30-35 дейін қатты аяз болады. Күндіз -9-14, түнде -22-27 болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында -12-17, түнде -22-27 (оңтүстік-батыста -18) болады.

Атырау облысында күндіз -8-13 (солтүстікте -16), түнде -18-23 (батыста -15) болады.

Маңғыстау облысында күндіз -4-9 (солтүстік-шығыста -12), түнде -11-16 (солтүстік-шығыста -19-24) болады.

Ақтөбе облысында күндіз -17-22 (оңтүстікте -14), түнде -25-30 (солтүстікте -34).

Қостанай облысында күндіз -10-15 (оңтүстікте -20), түнде -18-23 (оңтүстікте -27-32).

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -12-17, түнде -20-25.

Павлодар облысында күндіз -20-25, түнде -23-28.

Қарағанды облысында күндіз -17-22 (шығыста -27), түнде -30-35 (шығыста -40, оңтүстікте -25).

Ұлытау облысында күндіз -15-20 (шығыста -23), түнде -30-35 (шығыста -40).

Шығыс Қазақстан облысында күндіз -17-22 (солтүстікте, шығыста -36).

Абай облысында күндіз -17-222 (батыста -25), түнде -27-32 (батыста -36).

Қызылорда облысында күндіз -10-15, түнде -20-25.

Жамбыл облысында түнде солтүстікте, таулы аудандарда -30-35 дейін қатты аяз болады. Күндіз -15-20, түнде -25-30.

Добавить комментарий