Бүгін Қазақстанда қар жауады деп күтілуде

Бүгін Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жаңбыр жауады, кей жерлерде қар жауады.

Сәрсенбі, 28 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, жел күшейеді, найзағай ойнайды, шаңды дауыл соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған бөлігі антициклоннан тыс аймақта болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, батыста — найзағай, шаңды дауыл, солтүстікте — тұман, көктайғақ болады, — делінген хабарламада.

Добавить комментарий