Қазақстандық Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлының пікірінше, Наурыз мейрамын идеологиялық тұрғыдан толықтыру керек.
Ең алдымен ол еліміздің жаңа азаматтарына Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында қазақстандық паспортты тапсыруды ұсынды.
ҚР Премьер-Министрінің атына берген депутаттық сауалында ол Наурызды мерекелеуді қосымша идеологиялық тұрғыдан толықтыруға болатын бірқатар ұсыныстарды айтты.
Атап айтқанда, әңгіме еріктілер белсенді қатысатын «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын іске қосу туралы болып отыр. Депутаттың пікірінше, Наурыз мерекесінің идеялық мазмұнын балалар мен жастар аудиториясына әлеуметтік желі және өзге де кеңістіктегі шаралар арқылы сіңірудің мәні айрықша.
Сондай-ақ, Алтынбек Нұхұлы ұлттық құндылықтарды ілгерілету, рухани даму және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөніндегі көзқарастарын ортаға салды..
«Бұқаралық іс-шараларды өскелең ұрпаққа, Отанға және отбасына деген сүйіспеншілікпен насихаттау маңызды. Ол үшін аумақты абаттандыру, бұлақтарды көзіе ашу және ағаш отырғызу қажет. Мұның бәрін жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру үшін дәстүрге айналдыру маңызды. Оңтүстік өңірлерде Наурыз мерекесінде және мұндай акцияны қолайлы климат кешірек келетін солтүстік өңірлерде кейінірек ұйымдастыру қажет деп санаймыз», — деді Алтынбек Нұхұлы.