Алматыда жауын-шашын: қар қашан тоқтайды?

Алматыда қалың қар жауды. Қала билігі коммуналдық қызметтің жұмысы туралы есеп берді.

Хабарланғандай, бір тәулік ішінде қалада 6-7 см, таулы аудандарда 20 см-ден астам қар жауды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үшінші тәулік көктайғақ құбылыстарының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

15 наурыз сағат 07:30-дағы жағдай бойынша 3 920 тонна пайдаланылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, аялдамаларды, автотұрақ “қалталарын”, жер үсті өткелдерін, саябақтарды, скверлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.

“Қазгидрометтің” болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын 17 наурызға дейін жалғасады.

Добавить комментарий