Үшарал — Достық автожолы жабылды

Ауа-райының бұзылуына байланысты Үшарал—Достық автожолы жабылды. ТЖМ күшті боран мен нөлдік көріну туралы ескертті.

Көктұма ауылынан Достық ауылына дейінгі барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

18 ақпанда қатты боран мен нөлдік көріну салдарынан Үшарал-Достық автожолы жабылды, деп хабарлайды Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті.

«18 ақпан сағат 09:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, нөлдік көріну) республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолында (Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін 84-184 шақырым жол) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысы жабылды», — деп хабарлады ТЖД.

Департамент азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Аймақтағы дауылды ескертулер туралы ақпаратты алу үшін, Darmen қосымшасын Android немесе iOS-тан жүктей аласыз.

Ұзақ жолға шыққан кезде ауа–райын тексеріп, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз:

дәнекерлеу шамы;
арқан;
дөңгелектерге арналған тізбектер;
күректер;
парафин шамдары;
жылы киім;
тамақ пен су.

«Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Добавить комментарий