Науқас балаларды қорлағаны үшін шартты мерзім

Психоневрологиялық диспансердегі балаларды қорлаған санитарларға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Сот прокурордың ұсынған кінәсінің дәлелдемелерін жеткілікті деп тауып, оларға 3,5 жыл қамау жазасын тағайындады. Алайда, олар мерзімін шартты түрде өтейтін болады.

Балалар психоневрологиялық орталығының екі қызметкерінің соты жабық түрде өтті.

Бұл фактілер Павлодар облысындағы прокурорлық тексерістен кейін белгілі болды. Видеода қызметкерлер мүгедек балаларға күтім жасаудың орнына оларды ұрып-соққан. Балаларын кереуеттерге байлап, түнде сол қалпында қалдырған. Кейде жұмысшылар оларды жіптерден босатуды ұмытып кететін. Сол кезде жәбірленуші балаларға Орталықтың басқа да тәрбиеленушілері көмектеседі.

«Қала прокуроры мен күдіктілер кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім түрінде іс жүргізу келісімін жасады. Сот үкімімен Павлодар психоневрологиялық орталығының қызметкерлері кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерді азаптағаны үшін үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталды», — деді Павлодар қалалық № 2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

Санитарлар өз кінәсін толық мойындады. Балаларды қорлау фактісі бойынша барлығы 16 қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін бес санитар үш жарым жылға шартты түрде сотталған болатын. Тағы тоғыз іс қаралып жатыр.

Добавить комментарий