Украина аумағында тағы бір «мызғымастық киіз үйі» тігілді

Қазақстандық кәсіпкерлер мен еріктілер Украина аумағында алты киіз үй құрды. Олардың алғашқысы Буча қаласында тігілді.

Киевте Украинадағы ең үлкен киіз үй тігілді. Оның аумағы 63,5 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Ол Шевченко саябағында қазақстандық бизнесмендер мен еріктілердің қаражатына орнатылады.

«Киевте Украинадағы ең үлкен киіз үй тігілді, ол 16 уықтан тұрады. Ресми ашылуы сенбі күні шамамен сағат 14.00», — деп хабарлады басылымға еріктілердің бірі.

Бұл Украинадағы екінші «мызғымастық киіз үйі», өткен аптада Киев облысының Буча қаласында алғашқысы тігілген. Жалпы, Жоғарғы рада халық депутатының мәліметінше, қазақстандықтар алты киіз үй берген. Оларды Черкассы, Одесса және Харьков қалаларында орнатуды жоспарлап отыр. Киіз үйлер блекаут кезінде украиндықтар үшін жылыту пункті болады.

11 қаңтарда ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров киіз үйді орнату кәсіпкерлердің бастама болғанын хабарлады, Онда ҚР СІМ ешқандай проблема көрмейді

Добавить комментарий