Алматылықтар үшін тегін екпе: кімге және қандай

Алматы тұрғындары белгіленген нормаларға сәйкес 21 инфекцияға қарсы тегін екпе ала алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесі шеңберінде вакцинация диспансерлік есепте тұрған 405 000 алматылықты қамту жоспарлануда. Тегін егуге 25 000 жүкті әйел де үміттене алады.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағауынша, ҚР-да COVID-19 байланысты жүргізілген карантинге байланысты ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап профилактикалық егулер тоқтатылып, тек 11 мамырдан бастап қайта басталды. Ұлттық күнтізбеге сәйкес, екпеге емханадан учаскелік медбике шақырады.

Бірінші кезекте вакцинацияның алғашқы сериясының жоспарлы егілуін өткізіп алған 1 жасқа дейінгі балалар вакциналауға жатады. Барлық міндетті санитарлық шараларды, атап айтқанда физикалық арақашықтықты сақтай отырып, емханадан егу керек. Препаратты енгізер алдында дәрігерлер ампуланың жарамдылық мерзімін, бүтіндігін тексеруге міндетті.

Иммундау жұмысы күнтізбеге сәйкес жалғасуда. Емханаға алдын ала жазылу арқылы ғана бару керектігін білу маңызды. Бұл туралы пациентті медициналық мекеме қызметкерлері алдын ала хабардар етеді. Бұл ретте вакциналау адамның дені сау аясында ғана жүргізіледі. 

Медициналық персонал 30 минут ішінде бала немесе ересек адам болсын, науқастың жағдайын мұқият бақылауы тиіс. Қазіргі уақытта адамдарды вакциналау үшін ешқандай медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ. Клиникалық белгілері жоқ науқастар мен байланыста болған адамдар әдеттегідей вакциналана алады, — деп атап өтті Алматы қаласы № 4 емханасының бас дәрігері Зухра Умарова.

Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі вакциналардың ұсынылатын түрлері көрсетілген жоспарлы екпелердің тізбесін, жасын — қашан және кімге вакциналау қажет екенін, сондай-ақ қолдану схемасын қамтиды.

Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесінде 21 инфекцияның алдын алу және тарату мүмкіндігі қарастырылған. Олар тегін жасалады.

Инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы келесі халықтық топтар екпе ала алады:

1) профилактикалық екпелерді жүргізудің белгіленген мерзімдеріне сәйкес жасына қарай адамдар;

2) жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін халық (көктемгі-жазғы кене энцефалиті);

3) өздерінің кәсіби қызметінің түрі бойынша қауіп топтарына жататын адамдар:

медицина қызметкерлері («В» вирустық гепатиті, тұмау);

кәріз және тазарту құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);

4) өз денсаулығының жағдайы бойынша қауіп топтарына жататын адамдар:

қан құюды алғандар («В» вирустық гепатиті);

медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);

5) балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті (тұмау);

6) кез келген жануарлардың тістеуіне, ашытуына (құтыруға) ұшыраған адамдар;

7) тері қабаттары мен шырышты (сіреспе) тұтастығы бұзылған жарақат, жарақат алған адамдар;

8) вакцинация эпидемиологиялық көрсеткіштер («А» вирустық гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит) бойынша жүргізілетін жұқпалы аурулар деңгейі жоғары өңірлерде тұратын адамдар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің деректері бойынша қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр.

Күзгі кезеңде КВИ инфекциясының екінші толқыны күтіледі, бұл ретте негізгі қауіп-қатер тобы созылмалы аурулары бар адамдар, оның ішінде 65 жастан асқан адамдар (жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, қант диабеті және өкпенің созылмалы стратруктивті ауруы бар) және медицина қызметкерлері болып қалады.

Осыған байланысты қыркүйек айының басында тұмауға қарсы вакцинация басталады. Бүгінгі таңда 130 000 доза жеткізіледі деп күтілуде. «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторына қосымша тұмауға қарсы вакцинаның 300 000 дозасына өтінім берілді, оның жеткізілуі 2020 жылдың қазан айында күтілуде.

Тұмауға қарсы вакцинация медициналық қызметкерлерге, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балаларға, алты айдан асқан жиі ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының балаларына, балалар үйлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметін алушыларға, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті балаларға, жүрек тамыры созылмалы аурулары бар адамдарға жүргізіледі.

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық екпе күнтізбесі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Қазіргі қолданыстағы күнтізбе 2009 жылы қабылданды, 2013 жылы оған өзгерістер енгізілді — ДДҰ ұсынымдарына сәйкес вакциналар тізбесі өзектендірілді.

Добавить комментарий