Испанияның El Pais басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, НАТО әскерилері Украинаға келгенін хабарлады, олар әскери операцияларға байланысты түрлі тапсырмаларды орындайды.
Газеттің мәліметі бойынша, батыстық әскери қызметшілер серіктестер жіберген қару-жарақты бақылайды, барлау операцияларын жүргізеді және украиналық әскерилерді жаттықтырады.
Франция Президенті Эммануэль Макрон НАТО әскерлері ұрыс қимылдарына қатыспайтынын, бірақ қазірдің өзінде Украина аумағында жүргенін растады.
Алайда, хабарламаға сәйкес, НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізуді, ресейлік қарулы күштердің іс-қимылдары туралы ақпарат беруді, сондай-ақ украиналық әскери қызметшілерді түрлі салаларда оқытуды қоса алғанда, ауқымды көмек көрсетеді.