Сарапшылар Ресей басқа елдерге де қауіп төндіріп тұр деп есептейді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-36132-1659946618-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс ашып, дипломатия мен жұмсақ күштен біржола бас тартты. Кремль Украинада жеңіліске ұшыраса, Ресейдің барлық көршілеріне әскери қысым қаупі төнеді, — деп жазады украиналық саясаттанушылар. — Ресей әскері осы ұрыс қимылдарында едәуір шығынға ұшырады — РФ-да соғысқа адам жіберу үшін азаматтарды мемлекеттік еңбек биржалары арқылы іздестіре бастады. Атап айтқанда, «Работа России» порталы маусым айында 22 мыңнан астам әскери қызметшіні іздеді. Бірақ, осыған қарамастан, Ресей билігі өз қойған мақсаттарына қалай да болсын қол жеткізбек, атап айтқанда, тек Донецк және Луганск облыстарын ғана емес, мүмкіндігінше Украинаның басқа аймақтарын да басып алмақ».

Путин «жерді қайтарып, нығайтуға» міндетті екенін мәлімдеді, ал президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков өз кезегінде Украинадағы соғыс қимылдары Кремль Бас қолбасшы қойған барлық мақсаттарды орындалғада ғана аяқталатынын айтты.

Батыс сарапшыларының пікірінше, Ресей басқа да елдерге қауіп төндіруде

Сондай-ақ, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров РФ Украина аумағына Батыстан қару-жарақ жеткізілуін елеусіз қалдырмайтынын және ел аумағын барынша демилитаризациялауға тура келетінін ескертті.

Бұл туралы Венадағы әскери қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау мәселелері жөніндегі келіссөздерде Ресей делегациясының жетекшісі Константин Гаврилов айтқан.

Айта кету керек, жаңа аумақтарды басып алуға қатысты Дмитрий Украинаны «неонацисттерден» босату керектігін мәлімдеген.

Батыстың пікірінше, Ресей Донбасс үшін шайқаста басымдықтан айырылып, Кремль мен оның одақтастарының мәлімдемесіне қарамастан өңірді, оның үстіне таяу болашақта елдің басқа облыстарын басып ала алмайды. Америкалық соғысты зерттеу институтының сарапшылары ресейліктердің ресурстары тек екі шабуылдау операциясын жүргізуге жететінін жазады. Өз кезегінде британдық барлау қызметі РФ әскерінің күші сарқылып, үзіліс жасауы — ең үлкен проблемаларының бірі екенін сендіріп отыр. Осының бәрі Кремльдің жеңіске жетпейтінін көрсетуде.

 

Батыс сарапшыларының пікірінше, Ресей басқа да елдерге қауіп төндіруде

«Кремльдің Украинаға қарсы соғыстағы проблемалар басқа елдерге қауіп төндіруіне кедергі келтірмеуде. Мәселен, РФ Польшаға қоқан-лоқы көрсетті. Атап айтқанда, РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Польша билігі «ел халқын ядролық текетіреске тартып, польшалықтарды өміріне қауіп төндіруде» деп мәлімдеді. Ресей үкіметі Грекия, Дания, Словения, Хорватия және Словакияны «қас елдер» тізіміне қосты. Жоғарыда айтылған елдердің барлығына Мәскеу көз тігіп отыр. Осылайша РФ Мемлекеттік Думасында «тая болашақта» Приднестровьенің ел аумағына қосу туралы айта бастады», — дейді саясаттанушылар.

Ресей үкіметінің осындай амбициясынан шайқастың бірінші қатарына жүретін немесе санкцияларға байланысты кедейленуге ұшыраған қарапайым ресейліктер зардап шегуде, деп мәлімдейді олар.

Добавить комментарий