НАТО Бас хатшысы: Соғыс бірнеше жылға созылуы мүмкін

НАТО Бас хатшысы Украина аумағындағы соғыс ұзаққа созылуы мүмкін деп мәлімдеді

НАТО бас хатшысы Украина аумағындағы әскери іс-қимылдар бірнеше айға, тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинадағы ұрыс қимылдары «айлар мен жылдарға» созылуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Брюссельде өткен Альянстың жастар саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды CNN.

«Украинадағы жағдай болжамсыз және нәзік. Бірақ соғыс ұзаққа, бірнеше айлар мен жылдарға созылуы әбден мүмкін», — деп атап өтті Столтенберг.

Сондай-ақ НАТО Украинаны қолдауды жалғастыратынына сендірді, бірақ «ұзақ мерзімді перспективадағы» әскери іс-қимылдарға дайын болу керек екенін айтты.

«Біз Украинаға экономикалық, сондай-ақ әскери қолдау көрсету арқылы соғысты тоқтату үшін президент Путинге барынша қысым көрсетуді жалғастыратын боламыз», — деді Альянс бас хатшысы.

Добавить комментарий