Сан-Франциско, 1 қараша — Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск қаржыгер және филантроп Джордж Соросты сынға алып, ол «адамзатты жек көреді» деп айтты.
Маск журналист Джо Роганның подкастында осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Сорос өркениетті құрдымға жіберетін әрекеттер жасап жатыр.
Кәсіпкер сондай-ақ Джордж Соросты Құрама Штаттардағы Демократиялық партияың ірі демеушілерінің бірі екенін айтты. Маск бұған дейін де Сорос пен оның саяси белсенділігіне қатысты наразылық білдірген.
Илон Маск Джордж Соросты «адамзатты жек көретінін» айтқан болатын. Ол сондай-ақ X компаниясы Сорос негізін қалаған «Ашық қоғам» қорын (Open Society Foundations, РФ-дағы жағымсыз ұйым деп танылды) сотқа беруге ниетті екенін хабарлады. Маск қыркүйек айында Сорос батыс өркениетін жоюға ұмтылуда деген болатын.
Бір қызығы, бұған дейін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Сорос қорын «түрлі-түсті революция» жасаудың негізгі әлемдік орталығы деп атаған еді. Бұл мәлімдемелер қордың әлемдік оқиғаларға ықпалы мен рөлі туралы кең пікірталастың бір бөлігі.