Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы жарлыққа қол қойды. Жаңартылған редакцияға сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі енді еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты күзетпейді.
Түзетулер «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін енгізілді. Жаңа енгізілген түзетулерге сәйкес, Мемлекеттік күзет қызметі енді Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін күзету туралы тармақ алынып тасталды.
Сонымен қатар, міндеттеріне Қазақстан Республикасының қазіргі президентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету кіреді.