Министрлер кабинеті ҚР-да реформаларды жүзеге асыру жоспарын дайындады

Қазақстанның Министрлер кабинеті саяси өзгерістер және экономикалық реформалауды жүзеге асыру жөніндегі жоспарды әзірлеу жұмыстарын аяқтады.

Атап айтқанда, президенттің өкілеттігі туралы конституциялық заңдар мен басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет ететін реформаларды іске асыру көзделеді.

Қазақстан Үкіметі сейсенбі күні өткен отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ел халқына Жолдауы барысында жариялаған саяси өзгерістер және әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыру жоспарын ұсынды.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұсынған ауқымды саяси өзгерістер мен әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар әзірленді», — деді Премьер-Министр Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, жалпыұлттық жоспардың бірінші кезектегі іс-шараларының қатарында «Президенттің өкілеттіктері туралы», «Өкілді билік тармағын қайта құру», «Сайлау жүйесін жетілдіру», «Құқық қорғау институттарын күшейту» «Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтық қоғам рөлін нығайту», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру», «Елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру» және басқа да тармақтар қарастырылған.

«Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алғақойылған міндеттерге толық сәйкес келеді және барлық қажетті келісу рәсімдерінен өтті. аталған жоспарды орындауға дереу кірісуіміз қажет», — деді Смайылов.

Добавить комментарий