«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұр-Сұлтандағы праймериз қатысушыларының үгіт-насихат кездесуінде болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Facebook-те хабарлады.
«Әріптестерімен бірге ішкі партиялық праймериздерге қатысушылардың үгіт-насихат кездесуінде болдым. Елорданың Есіл ауданы бойынша 15 кандидат «Nur Otan» орталық аппараты жанындағы бастауыш партия ұйымының сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.
Іс-шара жарыс сипатында болғанымен, өзара достастық аясында өтті. Әрбірін қолдауға тырыстым, кеңесімді бердім, мәселегі нақтылайтын сұрақтар қойдым. Адамдардың өзін-өзі қалай ұстайтыны, жұрт алдында қалай сөйлейтінін көру өте қызық болды. Барлығының дерлік қызықты және креативті бейнероликтері, өздерінің «артықшылықтары» болды, біреулерде QR-код арқылы үгіт-насихат бағдарламасымен танысуға болады.
Қатысушылар арасында қазіргі депутаттар да, өздерінің саяси жолын бастаған жастар да болды. Партия құрылған сәттен бері мүше болғандар мен таяуда ғана кіргендер болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа қоныс аударып, кейіннен елге қайта оралған азаматтың балалар мен жасөспірімдер арасында есірткі таратуға қарсы күреске арнаған жас жігіттің сөзі есте қалды.
Заманауи урбанистика қағидаттарына сәйкес елорданы дамыту мәселелері бойынша өз бағдарламасын құрған ең жас үміткерге «Болашақ» қауымдастығы қазақ тіліне аударған «Бақытты қала» жайлы қалалық ортаны құру туралы кітапты сыйлауға шешім қабылдадым.
Жалпы, қатысушылар қызықты және жүйелі түрде шешуді талап ететін, оның ішінде білім беру және денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау, бұқаралық балалар спортын дамыту және т.б. мәселелерді көтерді.
Партия Дидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, праймеризде айтылған барлық ұсыныстар мен ескертулер әрбір аймақ, қала және аудан бойынша біздің 216 сайлауалды бағдарламамызды пысықтау кезінде ескерілетін болады. Әрине, үміткерлер әр қилы. Әрқайсысы өзінің дайындық деңгейі және жеке бэкграунды бар. Олардың қайсысы жеңіске жететінін сайлаушы шешеді. Бір нәрсені нақты айта аламын: праймеризден бірінші болып өткендер теңдессіз саяси тәжірибе жинақтап, әр түрлі аудиторияларда сөз сөйлеу дағдысын меңгереді, өздерінің мықты және осал тұстарын аңғарып, тыңдаушыларды өз сөзіне иландырып, өз позициясын дәлелдеу қабілетін ұштайтын болады.
Осы орайда кездесуге қатысушылардың бірінің «мен праймеризге депутаттық төсбелгі үшін емес, жұрттың нақты мәселелерін шешуде партияластарымды қолдау үшін қатысып отырмын!» деген сөзі есте қалды. P.S. Алдағы 1 – 3 қазан аралығындағы партияішілік сайлауда дауыс беру үшін мобильдік қосымшаны жүктеп алып, «Праймериз 2020» ақпараттық жүйесіне тіркелдім.
Бүгінде жүйеде 560 мыңнан астам партиялас тіркеуден өтті. Елбасы айтқандай, әділ де тартысты бәсекеде ең лайықтылар жеңіске жететіне сенімдімін», — деп жазды Байбек. Осы санаттағы басқа да материалдар «Нұрсұлтан Назарбаев» Праймериз «ақпараттық жүйесінде авторизациядан өтті»