БҚО-да мектеп-гимназиясының директоры оқушы қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық дерегін хабарламады және немқұрайлы қарады деп күдіктенеді. Айыпталушының адвокаты тергеу нұсқасымен келіспейді және оның қорғауындағы адамға психологиялық қысым көрсетіліп жатыр деп есептейді.
Тергеу амалдарын Жаңақала кентінің полиция бөлімі жүргізіп жатыр.
Өгей әкесі қызын үш жыл бойы зорлап келгені анықталды. Бұл 2019 жылдың желтоқсанына дейін жалғасқан. Зорлаушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам қызды алғаш рет 2016 жылы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген, егер келіспейтін болса, тек қызды ғана емес, анасы мен үлкен ағасын да өлтіретінін айтып қорқытқан. Жәбір көрген қыз анасына айтуға қорыққан. Анасы үйде болмаған кезде, ағасының жанынан шықпаған.
Бұл жайт қыз оқып жүрген білім ордасында 2019 жылы мәлім болды. Мектеп директоры Лариса Қожахметова егер жергілікті учаскелік полиция оларды жауап алуға шақырған кезде ғана, өзі және қыздың кейбір мұғалімдері бұл туралы хабардар болғанын айтты.
Мектеп директорының адвокаты тағылған айыппен келіспейді.
«Мектеп директоры мен мұғалімдерге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығынан үш рет тоқтатылды, алайда әр жолы оны аудандық прокуратурасы күшін жойған.
Былтыр желтоқсан айында қылмыстық істі тоқтату туралы соңғы қаулының күші жойылғаннан кейін Лариса Қожахметоваға және үш мұғалімге қатысты тергеу жұмыстары айтарлықтай жанданды.
Менің клиентіме және мұғалімдерге қатысты күдікті ретінде тану туралы қаулы шығарылды», — деп атап өтті Айсұлу Биялиева.
Адвокаттың айтуынша, мектеп директоры психологиялық қысымға ұшырауда.
«Менің клиентім төсек танып ауырып қалды, бір ай бойы стационар жағдайында ем қабылдады», — деді Айсұлу Биялиева.
Соттың пікірінше, прокурорлар салғырттық танытқан білім ордасындағы қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесін анықтауы керек.