
Алматы облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.
Оқиғаның егжей-тегжейі: 9 маусымда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында маршруттық автобус пен екі жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше,жол апатына 34 жастағы Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі себепкер болған.
Алматы — Көкпек — Көктал тас жолының 42 шақырымында ер адам басып озу кезінде қарсы келе жатқан Saz Le-60 автобусымен соқтығысқан. Инерция салдарынан Hyundai Audi А4 көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды, — Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствода хабарлағандай, Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындайй отырып, тергеу ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда көлік құралын басқару немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша жүргізіледі. адамның өлімі») бойынша жүргізіледі, — Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.