Мамандардың пікірінше, Мехикодағы метро көпірі металл конструкцияларындағы ақауы салдарынан құлаған. Бұл туралы кеше, 2021 жылдың 5 мамырында Мехико инфрақұрылымдық жобалар және қызметтер басқармасының басшысы Хесус Эстева мәлім етті.
Бұл оқиға компоненттердің (конструкциялардың) құрылымдық ақауы салдарынан болғаны анық. Бұл жағдайда әңгіме металл құрылымдар, жоғарғы бөлігіндегі құрама темір-бетон элементтері бар металл арқалықтар туралы болып отыр, — деп атап өтті ол.
Мексикалық басылымның мәліметінше, 2017 жылғы жер сілкінісінен кейін көпірдің тіреулерінде жарық пайда болған.
Мехиконың оңтүстік-шығысында 3 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:22-де метро көпірі өтіп бара жатқан пойызбен бірге құлады. Апаттан 25 адам қаза тауып, 60-тан астам адам ауруханаға жатқызылды.