АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирус жұқтырды.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Twitter-де мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамптың ресми аккаунтында коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды.
«Бүгін бірінші ханым екеуміз COVID-19 сынамасынан оң нәтиже алдық. Біз дереу карантинде оқшауланып мен емдеуді бастаймыз. Біз бұдан бірге өтеміз», — деп жазды Ақ үй басшысы.
Белгілі болғандай, биологиялық сынамаларды тестілеуге тапсырудың себебі, президенттің кеңесшісі Хоуп Хикстің ауру жұқтыруы, ол да ем алып жатыр.