Минск: Лаңкестік шабуыл жасамақ болған күдіктілер ұсталды

Беларусьта лаңкестік шабуыл жасамақ болды деген күдікпен ұсталғандар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Республиканың тергеу комитеті: «Қылмыстық топтың құрамына кемінде бес адам болды, оның ішінде бірнеше рет сотталғандар да бар. Олар әкімшілік ғимараттарды, милиция қызметкерлерінің қызметтік және жеке көліктерін жарып жіберуді, елдегі жағдайды тұрақсыздандыру және билік органдарының жұмысына іріткі салуды көздеген», — делінген тергеу ведомствосының хабарламасында.

ТК хабарлағандай, ұсиалғандар 16 тамызда Минскі қаласы Фрунзе ауданындағы милиция бөлімшелерінің бірінің ғимаратын өртемек болған. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер деструктивті Telegram-арналарының бірінің белсенді мүшесі болған, акцияларын видеоға түсіріп, сол үшін ақшалай сыйақы алған.

Минск қаласы бойынша Тергеу комитетінің басқармасы қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 289-бабы 2-бөлігі және 14 бабы 1 бөлігі (лаңкестік шабуыл жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған қылмыстың жазасы 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлайды Беларусь Республикасының Тергеу комитеті.

Добавить комментарий