Мас жүргізуші 4 қызды қағып кетті: біреуі ауруханада көз жұмды

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізушінің кінәсінен болған жол апатының салдарынан сегіз жасар қыз қайтыс болды.

Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік! 2 наурыз күні мас жүргізуші УАЗ көлігін тізгіндеп келе жатып жол жиегінде тұрған қызды және тағы үш оқушы қағып кетті.

Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында орын алды. 54 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі мас күйде жол жиегінде тұрған 8 және 9 жастағы төрт қызды қағып кетті.

Түрлі дене жарақатын алған балалар Шелек аудандық ауруханасына жеткізілген. Соңғы екі апта бойы екі қыз жансақтау бөлімінде жатқан.

14 наурызда қыздардың бірі қайтыс болғаны белгілі болды. Екінші сегіз жасар қыз комада, ӨЖЖ аппаратына қосылған күйде болды.

Бүгін түнде блогер Александр Цой оның қайтыс болғанын естіртті.

«Менің жүрегім қан жылап тұр. Ол небәрі 8 жаста еді. Өмірдің қызығын көрмей жатып, қыршынынан қиылды», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Үшінші зардап шегуші қазір ем қабылдап жатыр, төртіншісі аман қалды.

«Оны қаншама адам қарғап-сіледі! Әлі де қарғайтын болады. Менің не ойлайтынымды білесіз бе? Оны өмір бойына бас бостандығынан айыру керек. Аман қалған қыздың емделуіне және қаза болған қыздардың туыстарына келтірген моральды залалды өтеу үшін, өмір бойы түрмеде жұмыс істету керек. Менің айтар сөзім жоқ», — деп түйіндеді Александр Цой.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқушы қыздың қаза болғаны туралы ақпаратты растады.

«4 сәуір күні сағат 21:00-де қайтыс болды», — деп қысқа жауап берді Денсаулық сақтау басқармасы.

Добавить комментарий